15 Маус 2024
Страницы КГУ "Общеобразовательная школа имени А.Молдагуловой" отдела образования Созакского района управления образования Туркестанской области

Оқу - тәрбие жұмыстары

«Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
2023-2024 оқу жылындағы жұмыс қорытындыларын талдау.
(тәрбие жұмысын талдау)
2024-2025 оқу жылына арналған перспективалық жұмыс жоспары мен міндеттерін айқындау

2023-2024 оқу жылына жалпы білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу тұжырымдамасы негізінде тәрбие жұмыстарының жоспары бекітілген.
Білім алушылардың парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеу мақсатында сынып жетекшілер оқушылардың тәрбиелік деңгейін бақылайды. Яғни, сынып жетекші -тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы. 2023-2024 оқу жылында барлығы 31 комплект сыныптар жинақталған. 1-4, 5-8, 9-11 сыныптар. Сынып жетекшілер ішінде жас мамандар – Бахтиярова Гульмира, Тұрсынбай Оралхан, Шәдиева Зарина, Жумашева Салтанат, Шәдібекова Шәмші. Аталған сынып жетекшілер өз ісіне өте жауапты сынып жетекшілер деп сеніммен айта аламын.

2023-2024 оқу жылындағы тәрбие мазмұнын айқындауда әзірленген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.
2023-2024 оқу жылындығы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері:
Құндылықтар:
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ.
АР-ҰЯТ.
ТАЛАП. Тәрбиенің 3 басты құндылықтарына тоқталып өтті: ұлттық мүдде, ар-ұят, талап.
Ұлттық мүдде: отаншыл, мемлекетшіл және намысшыл; мемлекеттік рәміздерді қадірлейді, елдің тарихын құрметтейді; ұлттық мирасты, мәдениетті дәріптейді, құқықтық және экологиялық мәдениеті жоғары бағалайды.
Ар-ұят: адалдықты жоғары бағалайды; сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады; ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды; достарын, сыныптастарынсыйлайды; кішіге ізет, үлкенге құрмет көорсетеді.
Талап: сыни және креативті ойлау; жеке және командамен жұмыс істей білу; білуге құштар болу; физикалық белсенді болу; ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық.
Сынып сағаттарының тақырыптарымен таныстық:
• Ар-ұят және жуапкершілік
• Біздің қоғамдағы әділеттілік
• Іс-әрекеттегі мейірімділік
• Мейірімділік құндылығы
• Күнделікті өмірдегі адалдық
• Этикалық құндылықтарды дамыту
• Отаншылдық және оның мәні
• Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз
• Еңбекқорлық және оның табысқа әсері
• Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау
• Қоғамдық игілікке қызмет ету
• Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті
• Салауатты өмір салтындағы дене белсенділігінің рөлі
• Зиянды әдеттер және олардың денсаулыққа әсері
• Құқықтық мәдениет және оның маңызы
• Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық
Әлеуметтік тәжірибелер, жобалар. Жобамен жұмыс істеу барысында жобаға жетекші педагог білім алушыларға жұмстың барлық езеңдерінде тәлімгер әрі кңесші ретінде қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық ізденістеріне сенім білдіріп, өз жұмысының нәтижесі үшін өз бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік беруі маңызды.
Ұсынылған тақырыптарды білім алушылардың жас ерекшліктеріне сәйкес таңдау қажет.
• Еңбегі адал жас өрен
• Жеткіншектің жеті жарғысы
• Балалар кітапханасы
• Ұлттық мектеп лигасы
• Қайырымдылық
• Қарияға қол ұшын соз
• Таза аула
• Жасыл мектеп
• Эковолонтерлер
• Экологиялық мониторинг
• Экологиялық туризм
• Үнемді туризм
• Қалдық заттарға екінші өмір сыйла
• Мектептегі энергияны үнемдеу
• Судың да сұрауы бар
• Қолөнер шеберханасы
• Мектеп қабырғасындағы бизнес
• Аспаздық жоба
• Бейбіт күннің қаһармандары
• Өнер мен құндылықтар
• Тарихқа құрмет
• Менің отбасымның өмірлік жолы
• Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру
• Күнделікті пайдалы тағам
• Зиянды әдеттер аулақ бол
• Спорт және мен
• Қауіпсіздік және алғашқы көмек
• Психологиялық әл-ауқат және стресске төзімділік
• Ұйқы және оның денсаулыққа әсері
• Экранға тәуелділік: заманауи жаман әдет
• Цифрлық гигиена
Тәрбиенің 3 тұғырына баса назар аударып, атап айтты.
1. Ұлттық мүдде-тәуелсіздік, егемендік, мемлекеттік аумақ, қазақ тілі, экономикалық өрлеу, халықтың әл-ауқаты, ұлттық қауіпсіздік, отаншыл ұрпақ
2. Ұлттық мирас-табиғи мұра, мәдени мұра, ұлт тарихы, тарихи жады, этноәлеуметтік қатыныстар, ұлттық шаруашылық
3. Ұлттық мәдениет-халық ауыз әдебиеті, қиссалар, дастандар, батырлар жыры, ертегілер, аңыздар, ән-күй, жыр-толғаулар, би, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық қолөнер, айтыс өнері және салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ырымдар мен тиым сөздер.

Тәрбиедегі стратегиялық міндеттері:
1. Оқушыға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, кемсітуге жол бермеу;
2. Білім алушылардың үйлесімді дамуы үшін эмоционалды-интеллектуалды орта құру;
3. Ата-аналармен, қоғаммен, сыртқы ортамен тиімді коммуникация орнату;
4. Ұлттық құндылықтар негізінде жаһандық жаңалықтарға үлес қосатын патриот азаматтар қалыптастыруға бағытталған тәрбие кеңістігін қалыптастыру;
Тәрбие мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Ата ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемелекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келсім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға отаншылдық пен мемелекетшілдікке тәрбиелеу. 3. Жақсылыққа игілікке бой түзеуге абыройлы болуға ар ұждан намыс, жауапкершілік мейірімділік қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға ойдың тазалығын және эмоцияионалды тұрақтылыққа баулу
5. Табиағтқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің сөзін ылғида айтамын, “Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы” дейді. Яки, білімнен бұрын ең алдымен тәрбие керек, егер тәрбиесіз, бірақ білімді азамат болсаң адамзаттың қасіреті үшін жұмыс жасайсыңда, ал тәрбиелі әрі білімді болсаң адамзаттың қасиеті үшін жұмыс істеуің мүмкін деген сияқты. Жалпы әрбір мектептердегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, жалпы оқушылардың тәрбиесіне жауапты кез-келген педагог мамандарды кәсіби біліктілігін арттыруды көздеп отыр. Сертификаттар, бала тәрбиесіне байланысты түрлі тақырыптағы курстар, семинарлардан өту керек деп ойлаймын. Сынып жетекшілер арасындада Қазіргі таңда білім мен тәрбие берудегі басты мақсат жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін біздің ұстаздар ұстаздық іс-тәжірбиелерін үнемі жетілдіру үстінде. Қыркүйек айынан бастап біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Құқық бұзушылықтың алдын алу”, “Зорлық-зомбылықтың түрлері” атты біліктілікті жетілдіру курстарына Серикбаева Айжан, Сарсенбаева Ғазиза, Дүйсен Дана, Рамашов Нұржан, Құдайбергенова Арайлым, Оразбекова Назира, Тұрсынбай Оралхан, Бахтиярова Гүлмира, Шәдиева Зарина, Шәдібекова Шәмші өттіп, серитификат алды. Түркістан қаласында ДТІЖО Серикбаева Айжан “Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамасыз ету” тақырыбы бойынша “Өркен” балалалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының” сертификатын алды. 05.04.2024ж.
“Қазіргі қоғамдағы бала: отбасы тәрбиесі мен мектеп ынтымақтастығы” тақырыбындағы өңірлік семинарға ДТІЖО Серикбаева Айжан, мектеп психологы Дүйсен Дана, мектеп социологы Әдехан Жансері, сынып жекші Тұрсынбай Оралхан семинарға қатысып сертификат алды. “Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбындағы 80 сғаттық курсқа Дүйсен Дана, Шәдібекова Шәмші, Құдайбергенова Арайлым барып, курсты толық аяқтап сертификат алды. Курсты бітіріп келген мамандар түрлі дөңгелек үстелдер мен тренинг, коучтар өткізіп әріптестерімен бөлісті. “Эмоционалдық интеллект – педагогтің кәсіби міндеттерін шешу құралы” атты 80 сағаттық курсты (13.05-24.05.2024ж.) бастап, сәтті аяқтаған Жауынбай Камшат пен Серикбаева Айжан біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат алды.
Тәрбие жұмысының жоспарын құруда және жоғарыда айтылған бағыттарды іске асыруда аталмыш құжаттар қолданылады: «БҰҰ балалар құқығын қорғау конвенциясы», «Білім туралы заңы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын - алу туралы», «Есірткілік және басқа зиянды заттарды қолданудың алдын- алу» заңдары.

2023-2024 оқу жылы тәрбие саласы бізге не берді? Қандай жетістіктерге жеттік?
Аудандық Күз аруы -2023 байқауында аудандық мектептерден 16 қыз күз аруына қатысып, Бас жүлдені 11 сынып оқушысы Нұрша Талшын жеңіп алды.
Созақ аудандық “Жастар ресурстар орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Менің отбасым” тақырыбында сурет байқауынан Елеу Нұртілеу, Анарбай Асылсұлтан, Амангелді Біржан қатысып бас жүлде, 1, 2-орындарды иеленіп, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында мектеп оқушылары спорттық жарыстарға қатысты. Әмбебап күрестен Мырзабек Әбілдә, 2-орын, Ниетқабыл Қазыбек 1-орын иеленді. Спортпен шұғылдануды насихаттау мақсатында өтілген жарыста Қоңыратбай Ерсайын гір тасынан 1 орын алды марапатталанды.
9 “А” сынып оқушысы Тамабай Мағжан Шардар қаласында өткен облыстық жарыста Гір тасын көтеруден 3-орынды қанжығасына байлап келді.

Барлық сыныптарда 15-қараша «Ұлттық валюта күніне» орай сынып сағаттар өткізілді.

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ да 17 қараша күні «АСЫҚ АТУ» челленджі өткізілді.

Мектеп психологтары Дүйсен Дана мен Абилова Балжан 7-сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасында буллингті алдын алу» тақырыбында профилактикалық жұмысын, 5- сынып оқушыларына «Қатегездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тренинг өткізілді. А.Серикбаева және мектеп психологтарымен бірігіп 9-11 сыныптарымен “Кибербуллинг”, “Буллинг” тақырыбында эссе байқауын өткізді.

17-қараша күні 9-11 сыныптар арасында «Күзгі балл» іс-шара өткізілді. Іс-шараға 9-11 сынып оқушылары қатысты. «Күзгі балды» 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері ұйымдастырды. Әр сыныптан «Күз ханшайымы мен патшасы» таңдалып, өз ара әр түрлі сайыстан жарысты. Сайысқа 10 «А» , 9 «А», 9 «Ә», 11 “Ә” сынып ханшайымдары қатысты. Бас жүлдені 11 “Ә” сынып оқушысы Нұрша Талшын жеңіп, аудандық байқауға жолдама алды.
Мектепке жол акциясына қатысу аясында Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ДТІЖО Серикбаева Айжан Кайратовна бірнеше балаға қыстық жылы киімдер мен азық түліктерді өз атынан берді...

1-4 сынып оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» атты сурет байқауы өткізілді.

«Балалр-медиа-қауыпсіздік» ұйымдастыру жол картасы бойынша сынып сағаттар өткізілді.

«Қызылша ауыруның алдын алу» профилактикасын өткізу мақсатында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттар өткізілді.

“Оқуға құштар мектеп ” жобасы бойынша “Қоянның үйі” атты көрінісі 2 “Ә” сынып оқушылары Сынып жетекшісі:

16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Тәуелсіздік күні іс-шаралар жоспарлары құрылды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» сынып сағаттар өткізілді. «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы бойынша «Шығарма жазу: болашаққа хат» челлендж өткізілді. Түнгі рейд жұмыстары кесте бойынша кезектілермен өткізілді.
13.12.2023 жылы сағат 12.00 «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасы бойынша «Шығарма жазу: болашаққа хат» челлендж өткізілді.
16.12.2023-18.12.2023 мереке күндері кезекшілік бойынша мектеп ұжымы түнгі рейд жұмыстарын жүргізді


“Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 13 -желтоқсан “Шығарма жазу: болашаққа хат”челленджі өткізілді. Мақсаты:
✅Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
✅Өз ойларын қағаз бетіне жүйелі жазып жеткізу дағдыларын жетілдіру
✅ Білім алушылардың өзін-өзі дамыту және сыни ойлау дағдыларын жетілдіру #моеписьмо #моебудущее #шығармажазу
9 «Ә» сынып оқушысы Елеу Нұртілеу 1 дәрежелі Республикалық «Бояулар құпиясы» конкурсында диплом мен марапаталанды.
1 дәрежелі Республикалық «Бояулар құпиясы» конкурсында дипломмен марапатталған оқушылар:Анарбай Асылсұлтан, Амангелді Біржан...

 

Жаңа жыл мерекесіне орай сынып сағаттар, жаңа жыл шыршасы, мектепке жол акциясы өткізілді. 28.12.2023-29.12.2023 күндері адын ала түзілген график бойынша 1-11 сынып оқушыларына жаңа жылдық шыршасы өткізілді. Балақайларға қонаққа ертегі кейіпкерлері ретінде 11-сынып оқушылары : Круэлла, Барби, Дурило, Гарри Поттер, Гермиона, Аяз Ата мен қар сұлуы кейіпкерлеріне киініп , керемет көңіл-күй сыйлады. Балалар қызықты «Пима» ойынын ойнап, тақпақ, өлең айтып, би биледі. Іс-шара соңында балалар Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақ айтып, сыйлық алды.

Мектепке жол акциясы бойынша жаңа жыл мерекесіне орай “Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінде” қайырымдылық акциясы өтті. Жаңа жылдық сыйлықтарды 1-сыныптар мен әлеуметтік санатқа жататын оқушылар алды. Жеке кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз.

Жылдық қорытынды :
1)Кәмелетке толмағандар арасындағы орын алған қылмыстық әрекетер жоқ!
2) Кәмелетке толмағандар арасындағы орын алған оқыс оқиғалар жоқ!
3) Сәтсіз отбасы балалары жоқ!
4) Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған ерекше немесе арнайы білім беру мекемелеріндегі балалар жоқ!
5) Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылған және аяқталған суицид балалар жоқ!
6) Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған балалар мен жасөспірімдер жоқ!
Тәрбие жұмысы істері қанағаттарлық деп есептелді!

Жалпы айтатын болсам, мектептегі жұмыс процесінің 70 пайызы сынып жетекшілердің жұмысымен байланысты. Сынып жетекшілер апталығында апталық жоспар құрылып, түрліқұндылықтарға бай жарыстар, дөңгелек үстелдер мен тренингтар өткізілді. Апталықтың үшінші күнінде “Үздік сынып сағаты” атты байқауда “Ең үздік сынып сағаты” атты алғыс хатпен 5 б сыныбының жетекшісі Бахтиярова Гульмира мен бастауыш сынып мұғалімі 4 б сыныбының жетекшісі Раймова Гүлнұр жеңіп алды. “Қазақ дастарханы” Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеден түскен қаржы елімізде болып жатқан келеңсіз жағдай (су алып жатқан аймаққа аударлып берілді). Сауапты істер жасап жарысайық.
Барлық сынып жетекшілер жоғарғы белсенділікпен ат салысты. “Ұлағатты отбасы-ұлт құндылығы” (Отбасылық сайыста) бастауыш сынып оқушылары, ата-аналары белсенді түрде қатысып, жарыс керемет өтті.
Осының аясында, 2023-2024 оқу жылының қорытындысымен ұжым арасындағы белсенділік танытты, жаңашыл көзқарас, ұйымшыл, өнерлі, шығармашыл топ “Ең үздік бірлестік” сынып жетекшілер бірлестігі деп мектеп директоры С.Шардарбеков алғыс хатпен марапаттады.

Ұсыныс: Бала тәрбиесі - педагогикалық және әлеуметтік жағынан өте қиын мәселе. Биылғы оқу жылында ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету мақсатында ата-аналармен сабақ өтеді. Ол сабақтың барысында ата-аналарды құқықтық сауаттандырады, ақпараттандырады. Балалардың отбасындағы құндылықтары, тәрбиелері айтылады. Мектептегі сабақтары бойынша, сабақтан тыс уақытта бос уақытын тиімді пайдалану. Балаға баса назар аударып, көп көңіл бөлу ата-ананың жауапкершілігіне жүктелуіне нақты тоқталды.
Мектеп, қоғам және отбасының бірігуі ғана бала тәрбиесінде жақсы нәтиже бере алады. Қырсықтық, қыңырлық, өзімшілдік және достарымен дөрекі сөйлесу балалар бойында меңдеп барады. Тек қана ата-аналармен педагогтардың бірігіп жұмыс жасауы, бала тәрбиесінде оң нәтиже береді. Егер ата-анамен педагог бір бағытты ұстанып біріге алмаса, онда жеке тұлғаны дамытып, тәрбиелей алмайды. Өмірде кездесетін әр түрлі жағдаяттарда педагог пен ата-ананың біріккен бағыты ғана дұрыс шешім қабылдап, дер кезінде алдын алып, шешуге болады. Әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсетілген жағдайда, балалардың бойынан шешім қабылдай алатын, белсенді және кез-келген жетістікке жетудегі талпыныстарын байқауға болады. Педагогтардың көмегі арқылы ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтары дамып, балаларына дұрыс жолды таңдай білуіне септіктерін тигізері сөзсіз. Ата-ана үнемі педагогтың, психологтың көмегіне, берген кеңестеріне үнемі назар аударып, бала болашағына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Педагог өзінің жұмысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ата-анамен байланыс жасауы қажет. Отбасындағы педагогикалық қателіктерді анықтай отырып ата-анаға дұрыс бағыт ұсынады.
Бала - біздің болашағымыз. Ал олардың болашағын дұрыс қалыптастыру, ата-анамен педагогтардың қолынды.
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші бірге отырып жұмыс жасасақ, бала тәрбиесінде қателеспейміз.

Ұсыныс: сынып жетекшілер тек сынып сағатында емес барлық пәнде құндылықтарды негізге ала отырып , бала мен ата-ананың, мектептің өзара байланысы мен одақтастығын құру.

Мектепішілік педкеңес отырысының 4 отырысы 31 мамыр айында өтті. Ол жерде баланың өмір қауіпсіздігі, оқушылардың әлеуметтік паспорты, акт, рейд туралы айтылды. Жылдық қорытынды, жетістіктер, 2024-2025 оқу жылына перспективалық жоспар
Бірінші мәселе бойынша ДТІЖО Серикбаева Айжан №506 бұйрық негізінде баланың өмір қауіпсіздігі басты назарда екеніне және тәрбиеге байланысты жоғарыда аталған тақырыпталға , олқылықтарға жол берілмеулі жайлы тоқталды.
Екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Әдехан Жансері сөйледі.

Ұсыныс: отбасылық тәрбиені басты назарда ұстау, ата-анамен тығыз байланыс орнату.
Баланың өмір қауіпсіздігі №506 бұйрықты басты назарда ұстау, ата ана мектеп өзара тығыз байланыс орнату, басшылықпен бақылау жүргізу деген шешім қабылданды. “Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша кітап оқуды алға жылжыту бойынша жұмыс тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату; Ата-аналарды балаларының кітап оқуға белсенділігін қолдауға тарту, оларға отбасылық бос уақытты кітап оқу ортасына айналдырып, рухани қарым-қатынас жасауға көмек көрсету; Отбасылық кітап оқу дәстүрлерін жандандыру;

Жаңа оқу жылында 5-сыныпқа көшетін сыныптардың сынып жетекшілігі 4 а сыныбына Бисенбиева Динар, 4 ә сыныбына Қожахмет Ұлжан, 4 б сыныбына Шойбекова Қанатжанды ұсынғым келіп отыр. 2024-2025 оқу жылының басында “Жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдіс тәсілдері” атты аудандық семинар өткізсек деген мақсатым бар.


ДТІЖО: А.Серикбаева __________
31.05.2024ж.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар